«Сезім» еріктілер клубы.

 

Студенттерді әлеуметтік маңызды іс-шараларға тартуға жағдай жасау, сонымен қатар еріктілер қозғалысын жандандыру және дамыту мақсатында Қостанай ауылшаруашылық колледжінде «Сезім» еріктілер клубы құрылды.
Міндеттері:

мүмкіндігі шектеулі балалармен, жетімдермен, қарттармен еріктілердің практикалық жұмысын ұйымдастыру;

студенттерге ізгілік, әділеттілік, мейірімділік қағидаларын насихаттау; студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

әлеуметтік маңызды шараларды ұйымдастыру және өткізу;

«қауіп тобындағы» балалар мен жастармен профилактикалық жұмыстар жүргізу (әңгімелер, тренингтер, тақырыптық ойындар, пікірталастар, акциялар);

әлеуметтік серіктестік пен қайырымдылық қорларымен және басқа ұйымдардың еріктілерімен ынтымақтастық аясын кеңейту;

студенттердің дағдылары мен қабілеттерін басқа адамдардың пайдасына пайдалану арқылы ұйымның студенттік мүшелеріне өзін-өзі танытуына жағдай жасау;

алдын-алу жұмыстарына жаңа пікірлес адамдарды тарту.

 

Еріктілер қозғалысының қатысушылары еріктілер қозғалысының идеяларын ерікті түрде қабылдайтын және оларды өмірлік іс-әрекеттерінде қолдануға келіскен колледж студенттері мен оқытушылары болып табылады.