«Қостанай ауылшаруашылық колледжі» КМҚК
Төрешова Баршагүл Сиязқызы
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Әдебиет деген сөз тілімізге арабтардан қазақшалағанда асыл сөз деген мағына берген.
Бұл әрине халық қазынасы, дария тілдің тұнығын терең кешіп, жауһар маржандарын еркін сүзе алатын ақындардың қолынан келетін іс болса , сол жауһарларды өскелең ұрпақ бойына сіңдіретін ұстаздар қауымы яғни тіл мұғалімдері, әдебиетшілер қолында екені сөзсіз.
Білімділік пен адамгершіліктің, кәсіби шеберлік пен іс-әрекетке икемділіктің жаңа түсінігі жастарымыздың өмірден өз орнын табуға көмектеседі, шығармашылық қабілетін дамытып, оны жүзеге асырады. Мүмкіншілігін ашу- бүгінгі білім жүйесінің басты мақсаты.
Сондықтанда студенттер арасында әртүрлі іс –шаралар өткеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, халқымыздың ақын – жазушыларының кітаптарын оқып талдау, сияқты сыныптан тыс іс шараларда өткеріліп отырады. Сондай іс- шараның бірі Қостанай ауылшаруашылығы коледжінде қазақ әдебиетінің төрінен орын алған ақиық ақын М. Мақатаевтің шығармашылығына арнап «Жырлайды жүрек» деген атпен орыс тіл мұғалімдері ( Хасенова Т.Турешова Б.С.Гофман Л.Ю.) әдеби кеш өткерді.
Кештің мақсаты студенттер бойына адамгершілік, ізеттілік,туған жерге деген сүйіспешілік , Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақын өлеңдерін жатқа , мәнерлеп оқуға дағдыландыру ,идеялық- көркемдік мазмұнын ашу.
Кеш үш сайыстан тұрда Бірінші сайыста – ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлепоқу. Екінші сайыста ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау, Үшінші сайыста жас ақындар өздерінің ақынға арнаған өлеңдерін оқу.
Кеш ақынның «Туылған күн» өлеңімен басталды.Ақын жырларын студенттер орыс және қазақ тілінде мәнерлеп оқып жатса,әндерін де нақышына келтіріп орындады. Сонымен бірге ақынға арналған жас ақындарымыздың жүрек жарды арнаулары да көрермендер көңілін серпілтіп тастағандай. М Мақатаевтың шығармашылығына арналған колледж кітапханасы әзірлеген кітап көрмесіде, студенттер қызығушылығын арттырды.
В-13 тобының қатысуымен сахналастырылған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасыда көпшіліктің ықыласына бөленді. Сайыс барысында мәнерлеп оқудан бірінші орыннан В-13 тобының студенті Әдімхан Орынбасар көрінсе,ақынның сөзіне жазылған әндерді орындауда П-21 тобының студенті Сейітжан Темірлан егеледі, ал ақынға арналған арнауда Ш-21 тобының студенті Жанғабыл Дініштің бағы жанды, Кешке қатысқан стулденттер колледж директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.Кеш соңында Мұқағали өмірінен бейне баяндар көрсетілді.
Қазақ поэзиясына барын берген, сол поэзияның асыл көмбесінің нұрлы да сырлы болуына барын төккен ерекше тұлғаның бірі М.Мақатаев екендігіне тағыда бір рет көз жеткізген сияқтымыз.