Колледжімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Кездесу барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, студенттердің қауіпсіздігі мен бейімделуі, сондай-ақ колледждің тәрбиелік ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиналыс аясында келесі тақырыптар бойынша ақпарат беріліп, маңызды мәселелер қозғалды:
🔹 «Оқу үдерісін ұйымдастыру»
Дүйсюбаева Дана Әзірқанқызы – оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
🔹 «Колледждің тәрбиелік ортасы: іс-шаралар, профилактика, құндылықтар»
Жабакова Алия Ахметжанқызы – тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары.
🔹 «Өз орныңды табу: жаңа студенттік ортаға бейімделу»
Полуносик Ирина Григорьевна – колледж педагог-психологы.
Кездесудің басты мақсаты – колледж бен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, студенттердің сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және жаңа ортаға сәтті бейімделуіне бірлесе жағдай жасау.
Бала тәрбиесі мен болашағы – ортақ жауапкершілік!
#АтаАнаменБірге #КолледжӨмірі #ТәрбиеЖұмысы #АдалАзамат

РУС



