2026 жылдың 23 қазанында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде, колледждің барлық оқушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу өрт эвакуациясы өткізілді.

Эвакуация өрт шыққан жағдайдағы белгіленген іс-қимыл тәртібіне сәйкес жүргізілді. Өрт сигнализациясы мен дыбыстық хабарлағыш іске қосылғаннан кейін, оқушылар мен қызметкерлер дереу әрі ұйымшылдықпен ғимараттың эвакуациялық шығу жолдары арқылы шығып, бас кіреберістің алдына жиналды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық оқушылар мен қызметкерлердің толық құрамда эвакуацияланғаны анықталды.

Мұндай оқу-жаттығу іс-шаралары қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін үлкен маңызға ие. Олар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімді бекітуге, жылдам әрі ұйымшыл эвакуациялау дағдыларын пысықтауға, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуді, дүрбелеңге бой алдырмауды және хабарлау сигналдарына жедел әрекет етуді үйретеді.