Қазақстан Республикасының күніне орай колледжде «Арнау – жүректен шыққан жыр» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті. Кештің құрметті қонағы Суслова Александра Ильинична өз шығармашылығымен бөлісіп, студенттердің ықыласына бөленді. Кеш барысында студенттер өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқып, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Іс-шараның мақсаты – жас ақындардың шығармашылығын қолдау, поэзияға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.