Мектеп оқушысынан – кәсіби маманға!

20 қазанда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде Халықаралық аспаздар күніне арналған ауқымды мереке өтті. Қонақтар ұлттық киім киген қыздар ұсынған ыстық бауырсақпен қарсы алынды.

Мерекенің басты оқиғалары:

«Мектеп оқушылары VS Студенттер» сайысы: Қатысушылар ұлттық тағамдарды заманауи үлгіде ұсынып, өз жұмыстарын ерекше таныстырды.

Интерактивті бекеттер: «Шоколадтағы жент» және «Жеміс тәрелкесін безендіру өнері» бойынша практикалық алаңдар жұмыс істеді.

Дөңгелек үстел: Жұмыс берушілердің қатысуымен «Колледж және бизнес: кәсіби мамандарды бірге даярлаймыз» атты маңызды кездесу өтті.

САЙЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

І орын: «Поварята на максималках» (Тобыл қ. мектеп-гимназиясы).

ІІ орын: «Повара без границ» (Тобыл қ. №1 МББМ) & «Сковородный движ» (колледждің 1-курс студенттері).

ІІІ орын: «Шефы нового поколения» (Заречный мектеп-лицейі) & «Кулинарный спецназ» (колледждің 3-курс студенттері).

Арнайы номинациялар: «Кулинарный десант» (Тобыл қ. №2 МББМ) және «Золотой половник» (колледждің 2-курс студенттері).

Жеңімпаздарға колледж студенттерінің өз қолдарымен дайындаған мерекелік торттар сыйға тартылды