Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аясында Қостанай аудандық ауруханасының қызметкерлері «ҚСХК» колледжінің студенттері үшін профилактикалық іс-шара өткізді.
👥 Кездесуге 15–17 жас аралығындағы 50 студент қатысты.
Талқылаудың басты тақырыптары суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау және уақтылы көмекке жүгінудің маңыздылығы болды.
Жасөспірімдік шақ — бұл өзгерістер, эмоционалды толқулар және өзін-өзі іздеу кезеңі. Осы уақытта өз эмоцияларыңды түсіне білу, қиындықтар туралы айтудан қорықпау және жаныңда әрқашан қолдау көрсетуге дайын адамдар бар екенін білу ерекше маңызды.
🤝 Іс-шараны ұйымдастырушылар: 🔹 Б.Н. Ещанов — колледждің медицина қызметкері; 🔹 А.Т. Шонова — Қостанай аудандық ауруханасының психологі; 🔹 М.М. Тенизбаева — салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері.
👏 Мамандарымызға бейжай қарамайтындары, кәсібиліктері және жастармен атқарып жатқан маңызды жұмыстары үшін алғыс айтамыз!
Кейде уақтылы айтылған сөз, назар мен қолдау шешуші рөл атқаруы мүмкін…

РУС