«Қазақстан – рухани келісім мен мәдениет орталығы» тақырыбында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің 1-курс студенттерімен толеранттылық сағаты өткізілді.

🎯 Іс-шараның мақсаты – жастар арасында этносаралық татулықты, өзара құрметті, бірлік пен рухани құндылықтарды насихаттау.

✨ Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты кітаптар мен журналдар таныстырылып, рухани келісім мен толеранттылықтың маңызы туралы айтылды.  Практикалық бөлімде екі топқа бөлініп, төрт кезең бойынша тапсырмалар орындалды.

🔹 1-кезең – «Жылдам жауап» – ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға жауап берді.

🔹 2-кезең – «Жағдаяттан жол тап» – толеранттылық пен өзара құрметке қатысты жағдаяттарды талқылап, шешу жолдарын ұсынды.

🔹 3-кезең – «Мақалды жалғастыр» – бірлік, достық және Отан туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды.

🔹 4-кезең – «Ортақ құндылықтар» – татулық пен келісімді нығайтатын 5 құндылықтарды жазды.

💙 Бірлік бар жерде – тірлік бар!Татулық пен келісім – еліміздің басты байлығы!