Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде 1-курс студенттерімен «Психоактивті заттар және олардың адам ағзасына әсері» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өтті.

👥 Іс-шараға 15-16 жастағы 50 студент қатысты.

«Jastar MED» жастар орталығының мамандары – терапевт-дәрігер А.Е. Жанкебаева мен психолог Н.В. Воропаева студенттерге төмендегі маңызды тақырыптарды түсіндірді: 🔹 психоактивті заттар дегеніміз не; 🔹 олардың ағза мен психикалық денсаулыққа әсері қандай; 🔹 оларды тұтыну қандай салдарға әкеп соғуы мүмкін; 🔹 жасөспірім шақта денсаулықты сақтау неліктен ерекше маңызды; 🔹 жағымсыз әсерге қалай қарсы тұруға болады және дұрыс таңдауды қалай жасау керек.

💬 Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, салауатты өмір салтына қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.

❤️ Денсаулық — бр әркімнің өзі жасайтын таңдауы. Бастысы — дұрыс таңдау жасау!