Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы» тақырыбында дәріс тыңдады.

 

📌 Дәрістің негізгі мақсаты — студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.

 

✨ Адалдық — әр адамның таңдауы, ал әділдік — қоғамның басты құндылығы!

 

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

#ҚостанайАуылШаруашылығыКолледжі #СыбайласЖемқорлыққаҚарсыКүрес #АдалАзамат #ЗаңМенТәртіп #Адалдық ҚұқықтықСауаттылық