«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері мал шаруашылығына арналған жабдықтар шығаратын заманауи кәсіпорын – EFIM FARM TECHNOLOGIES компаниясында болып қайтты.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының ірі агроөнеркәсіптік және мал шаруашылығы компанияларымен көп жылдар бойы тығыз жұмыс істеп келеді және болашақ мамандарды даярлауда колледжіміздің сенімді әлеуметтік серіктесі болып табылады.

Студенттер нақты өндірісті ішінен көріп, заманауи жабдықтар мен технологиялармен, нақты жұмыс орындары және өндірістік процестермен танысты. Кәсіпорын шеберлерімен және мамандарымен әңгімелесіп, бүгінгі таңда жұмыс берушіге қандай білім, дағды және кәсіби қасиеттер шынымен қажет екенін білді.

Әсіресе, кәсіпорында төрт жылдан бері табысты еңбек етіп жүрген колледжіміздің түлегі Вадим Тестовпен кездесу ерекше қуантты. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби жолын жаңадан бастап жатқан бірінші курс студенттеріне ақжарма тілегін айтты.

Мамандықты оқу маңызды. Ал оны іс жүзінде көру — баға жетпес тәжірибе!

Колледж бен өндіріс бірлесе жұмыс істейді, өйткені бүгінгі берген біліміміз ертеңгі нақты өндірістің талабына сай болуы тиіс!