«Тән саулығы – өмір кепілі» демекші, колледжімізде салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дәріптеу мақсатында дәстүрлі «Денсаулық күні» өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен оқытушылардың денсаулығын нығайту, бұқаралық спортқа тартымдылығын арттыру және ұжымдағы достық пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Бұл күні колледж ұжымы мен студенттер белсенділік танытып, спорттық жарыстарға қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар эстафеталық жарыстар, футбол, волейбол және жеңіл атлетика түрлерінен өзара бақ сынасты. Жарыс өте тартысты өтіп, жанкүйерлер өз топтарына ерекше қолдау көрсетті.
Спорттық шара соңында белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болған студенттер мен топтар арнайы мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп қана қоймай, спортқа деген қызығушылығын арттыра түседі.

РУС