«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында студенттерімізбен көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің тарихи тағылымы мол «Тағдыр» романын талқылауға арналған мазмұнды әдеби іс шара өткізілді.
🔑 Іс шара тақырыбын ашу мақсатында студенттерге «Отан», «Ел», «Тағдыр», «Халық» “Дәмежан” сынды кілт сөздер ұсынынылып, осы ұғымдардың өзара байланысы арқылы шығарманың негізгі идеясын анықтауға мүмкіндік берілди.Студенттер «Ел тағдыры» және «Өткеннің өсиеті» атты екі топқа бөлініп, роман мазмұнын жан-жақты талдады. Топтық жұмыс барысында Демежанның басынан өткен сын-сағаттар арқылы ел мен жер, шекара мен халық, Отан мен адам тағдыры ұғымдарының ажырамас бірлігін зерделеді.
📖 Студенттер өз ойларын ортаға салып, тарихи оқиғаларға баға беріп, шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор көтерген мәселелерге қатысты пікірлерін білдірді.
☘️ Шараның ерекше қорытынды кезеңінде жастар шығармадан алған әсерлері мен түйген ойларын жапырақтарға жазып, ортақ «Тағдыр ағашына» ілді. Әр жапырақ — студенттің шығармадан алған жеке әсері мен жүрегіне түйген тағылымының көрінісі болды.
🏆 Белсенділік танытып, талқылауға өз үлестерін қосқан «Ел тағдыры» және «Өткеннің өсиеті» топтарына алғыс айтамыз.
Әдеби іс шара

РУС