1 қыркүйек күні *Қостанай ауылшаруашылық колледжінде* жаңа оқу жылының басталуына арналған *Білім күніне орай салтанатты іс-шара* өтті.

Бұл күн — әсіресе колледж табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттері үшін ерекше күн. 🎉 Алғашқы қоңырау, жаңа достар, жаңа орта және болашақ мамандыққа бастайтын үлкен жол — бәрі де бүгіннен басталады!

Салтанатты шара барысында студенттерге ізгі тілектер айтылып, жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай табыс тілектер айтылды.
✨ Құрметті студенттер!
Жаңа оқу жылы сіздерге мол білім, жарқын жетістіктер, қызықты кездесулер мен ұмытылмас сәттер сыйласын! Армандарыңызға нық қадам басып, таңдаған мамандықтарыңыздың білікті маманы болыңыздар!

Білім жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын!