Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 1-курс КСХК студенттері арасында «Тіл әлеміне саяхат» атты тілдік квест өткізілді.
Студенттер командаларға бөлініп, 6 қызықты станциядан өтіп, тіл біліміне, мақал-мәтелдерге, сөздерге және түрлі тілдерге қатысты тапсырмаларды орындады. Квест барысында қатысушылар өздерінің білімін, шапшаңдығын, тапқырлығын және командалық бірлігін көрсетті.
✨ Квест соңында командалар басты құпия сөзді — «БІРЛІК» сөзін құрастырды.
🏆 Ең белсенді және ұйымшыл қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Тіл — достықтың алтын көпірі!
Бірлік — біздің басты құндылығымыз! 💙