Наурыз мерекесі қарсаңында біздің Қостанай ауылшаруашылық колледжінде студенттер мен оқытушылар ұлттық киім киіп, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеуде.

Осындай іс-шаралар оқу ордамызда жылы әрі мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ұжым бірлігін нығайтады. Сонымен қатар, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін арттырады. Бұл мәдени мұрамызды сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айқындайды.