«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні аясында «Көктемгі хит-парад: Достық үні» атты караоке ұйымдастырылып, студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, «Наурыз мейрамы – жыл басы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
«Жаңару» күні аясында «Бір дәстүрдің тарихы» атты AR-көрме (QR-кодтар мен бейнематериалдар арқылы) ұсынылды. Колледж қызметкерлері арасында «Ұлттық киім – ұлт келбеті» челленджі ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Сондай-ақ, «Unity Digital Map» креатив-жобасы жүзеге асырылып, бірлік пен достықты бейнелейтін панно жасалды.

РУС




