Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, әр шаңырақтың бірлігі мен берекесін айқындайтын ерекше мереке.

Қазақ халқы үшін отбасы – ең басты байлық. Әрбір шаңырақта үлкендеріміз – ата-әжелеріміз бар. Олар – ақылдың кені, тәрбиенің қайнар көзі. Осындай сәттерде үлкендеріміздің беретін бата беру дәстүрінің маңызы зор.

Бата беру – қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті дәстүрі. Бата – ізгі тілек, ақ жол, жақсылық пен берекенің бастауы. Үлкендер өз батасын бере отырып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар көрсетеді, өмір жолына ақ тілек арнайды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын рухани құндылық.

Бүгінде осындай асыл қасиеттерді дәріптеп жүрген ардақты азаматтарымыздың бірі – ветеринарлық пәндер оқытушысы Қуандыков Жасулан Баймурзинович. Ол – жауапты, білімді, жоғары білікті маман, 5 баланың әкесі. Ұстаз ретінде ол жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге зор үлес қосып келеді.

✨ Отбасы – тәрбие бесігі, ал дәстүр – ұлттың рухани тірегі. Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен береке тілейміз!

Наурыз мейрамы құтты болсын!