Бүгін колледжімізде «Тіл – достық көпірі, мәдениет және жасанды интеллект» атты тілдік пәндер апталығының алғашқы күні ерекше атмосферада басталды.
Апталықтың ашылуы қазақтың әдемі дәстүрлерінің бірі – “шашумен” ашылды. Бұл – қуаныш пен жақсылықтың белгісі. Оқытушылар студенттерге бауырсақ пен тәттілер шашып, барша қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен сәттілік тіледі. Студенттер заманауи музыкамен көңілді флешмоб билеп, колледж фойесінде мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл би Наурыз мерекесінің рухын цифрлық дәуірмен байланыстырып, бірлік пен достықтың символына айналды.
Балалар смартфон арқылы QR-код сканерлеп, Наурыз мерекесіне арналған интеллектуалдық викторинаға қатысты. Сұрақтар ұлттық дәстүрлер, мәдениет және тіл тақырыптарын қамтыды. Ең жылдам әрі дұрыс жауап берген студенттер ерекше белсенділік танытты.
Пәндік апталық аясындағы қызықты шаралар алдағы күндері де жалғасады. Студенттерді жаңа білім, шығармашылық және жарқын әсерлер күтіп тұр!

РУС




