Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқытушылары Куандықов Жаслан Баймурзинович пен Умурзакова Мирамгуль Мирамбековна кәсіби бағдар беру мақсатында №11 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері, студенттік өмір және ауыл шаруашылығы саласының болашағы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ мектеп түлектеріне мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және кәсіби бағыт-бағдар алуға үлкен мүмкіндік береді.