Қостанай ауылшаруашылық колледжі қызметкерлері Молдашев Абай Турстумбаевич пен Балтабекова Айгүл Жұмағалиевна Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері, оқу үдерісі мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы айтылып, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтардың бүгінде сұранысқа ие екені түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау туралы пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт береді.

РУС




