Колледжімізде «Невада–Семей: ядролық қаруға қарсы қозғалыс» тақырыбында тағылымды көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты — студенттерге Семей ядролық полигонының тарихы, оның зардаптары және әлемдегі ең ірі антиядролық қозғалыстардың бірі болған «Невада–Семей» қозғалысының маңызын түсіндіру болды.
Шара барысында білім алушылар тарихи деректермен, фотоматериалдармен және құжаттық ақпараттармен танысты. Сонымен қатар ядролық сынақтардың адам денсаулығына, экологияға тигізген әсері туралы мағлұматтар беріліп, бейбітшіліктің құндылығы жайында ой-пікір алмасу өтті.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың ел тарихына деген құрметін арттырып, азаматтық сана мен бейбіт өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

РУС




