27 ақпан күні аудандық кітапхана “Мәдениет көпірі” интерактивті ойын тақырыбында Қостанай ауыл шаруашылық колледж студенттеріне іс шара өткізді. Шара барысында
студенттер әлем халықтарының (Жапония, Италия, Англия Үндістан) салт-дәстүрлері бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешу мен мақал-мәтелдерді аяқтау арқылы логикалық деңгейлерін көрсетті. Топтық жұмысқа белсенді араласып, өздерінің шығармашылық және танымдық қабілеттерін көрсетті. Интерактивті ойын соңында қатысушылардың белсенділігі мен білімі ескеріліп, арнайы Мадақтама грамоталарымен марапатталды.

РУС




