Колледжімізде Тобыл қаласындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназия оқушылары үшін кәсіби сынамалар өтті. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, өздерін болашақ кәсіп иесі ретінде сынап көрді.
Кәсіби сынамалар Агрономия, Ветеринария, Орман шаруашылығы, Тамақтандыруды ұйымдастыру, Дәнекерлеу ісі мамандықтары бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, оқытушылардан пайдалы кеңестер алды.
Мұндай кездесулер оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беріп, болашаққа сенімді қадам жасауға көмектеседі.

РУС