Колледжімізде мектеп оқушыларына арналған қысқаметражды фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілімнен кейін оқушылармен бірге фильмдерде көтерілген зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және сталкинг тақырыптары бойынша ашық талқылау өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, осындай жағдайларды болдырмау жолдары, жеке қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің саналы көзқарасын қалыптастырып, қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.

РУС