Колледжімізде жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бағдарлама шеңберінде білім алушылармен түсіндіру кездесулері, тренингтер, пікірталастар және психологиялық қолдау шаралары ұйымдастырылып келеді. Негізгі мақсат – достық қарым-қатынасты нығайту, өзара құрметті қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын құру.
Бірге – мейірімді, қауіпсіз және қолдаушы орта қалыптастырамыз!

РУС