📚 16 ақпан күні колледжде Республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті
Колледжімізде 16 ақпан күні техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдары арасында «Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында Республикалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім алушылар өзара сыйластық, толеранттылық, түсіністік пен жеке шекараны сақтаудың маңыздылығытуралы пікір алмасып, өмірлік мысалдар арқылы талқылау жүргізді.
Мұндай тәрбиелік кездесулер жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және қоғамда дұрыс қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

РУС