«Заң және тәртіп» жобасы мен «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында студенттер үшін нашақорлық мәселесіне арналған «Закладка» атты профилактикалық фильм көрсетілді.
Фильм есірткінің заңсыз айналымына тартылудың, «жеңіл ақша» туралы жалған түсініктің және ойланбай қабылданған шешімдердің қандай қайғылы салдарға әкелетінін айқын көрсетеді. Кинокартинада бейнеленген өмірлік жағдайлар студенттерге тәуелділіктің қауіптілігін және осындай құқықбұзушылықтар үшін туындайтын қылмыстық жауапкершілікті тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

РУС




