06.02.2026 ж. Қостанай қаласында “Ауыл” партиясының ұйымдастырылуымен ауыл жастарының цифрлық әлеуетін арттыруға арналған республикалық семинар өтті. «Auyl Jastary» шарасы Қазақстан Президенті жариялаған «Цифрландыру жылы» аясында ұйымдастырылды. Семинарға біздің Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен жас мамандары, сондай-ақ әр облыстан келген белсенді жастар қатысты.
Шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық технологияларды меңгеру жолдары, онлайн-платформалар мен цифрлық қызметтерді тиімді пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, семинар жастар арасында тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды талқылауға және өз жобаларын жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталды. Бұл іс-шара ауылдық жерлер мен қалалық аймақтар арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға және жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға маңызды үлес қосады.

РУС




