2025 жылдың 5 қыркүйегінде “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру аясында “Тілім менің-мерейім”мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бұл мереке Ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, Қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайдың 180 жылдығына орайластырылды. Байқауға 2В-10 тобының студенттері қатысты. Студенттер ақынның өлеңдері мен шығармаларын мәнерлеп айтып берді. Соңында студенттер грамоталармен марапатталды.