Колледж студенттері үшін маңызды оқиға болған “Сен және Заң” тақырыбында пікірталас турнирі өтті. Бұл турнир өзекті құқықтық және әлеуметтік мәселелерді талқылау алаңына айналды, сонымен қатар жастар арасында сыни ойлау мен дәлелдеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Пікірталастың негізгі мақсаты студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және олардың заңдар мен адам құқықтарына қатысты маңызды және өткір тақырыптарды дәлелді талқылау дағдыларын дамыту болды. Турнирге қатысушылар құқықтық сананың әртүрлі аспектілерін, қоғамдағы Заңдарды сақтаудың маңыздылығын және әрбір адамның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылады.
“Сен және Заң” тақырыбында пікірталас турнирі өтті
