Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбие беру мақсатында 2024 жылғы 18 қыркүйекте Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде…» тақырыбында учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Риммер Виктор Владимировичпен кездесу өтті

Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру, тәрбиелеу, өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамыту, ақпараттық мәдениетін арттыру.

Инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, денсаулыққа зиян келтіру, жасөспірімдерді қорлаудың салдары сияқты қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және белгілі бір құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Алкоголь, темекі және басқа да зиянды заттарды тұтынудың қауіптілігіне ерекше назар аударылды. Студенттермен әңгімеде полиция қызметкері қылмыстың құрбаны болмау жолдары туралы айтты: өмір мен денсаулық қауіпсіздігі, сонымен қатар жеке заттардың сақталуына жауапкершілік мәселелері көтерілді.