2024 жылдың 15 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылық колледжі» КМҚК базасында «Академиялық дербестік шеңберінде колледжде арнайы пәндерді оқытудың теориялық және практикалық аспектілері» облыстық семинар өтті. Мақсаты: арнайы пәндер педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, арнайы пәндерді оқытуда оқу процесін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктерін әзірлеу.
Интерактивті семинарға Қостанай облысындағы колледждерден 30 оқытушы қатысты.
«Әдістемелік орталық» КММ әдіскері М.Б.Сандыбаева жемісті еңбегі үшін сәлем сөздерімен бастады.
Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Султанова А.К. қонақтарды күннің траекториясымен таныстырды: «Эфирде ИНТЕРАКТИВ!» ашық сабақтарына қатысу және өзін-өзі талдау, нетворкинг «Білім беру кеңістігіндегі инновациялар», тренингтер, рефлексия. Оқытушылар Нуркенова Ж.А., Катрюк А.А., Иванова О.А., Верещага О.С., Федосеева Д.П. заманауи оқыту әдістерімен бөлісті. Оқыту іс-әрекетінде қолданылатын инновациялық технологияларды педагогтар Иванченко Ф.К., Серкебаева Л.Т., Уразова Ш.С., Верещага О.С., Федосеева Д.П. көрсетті. Соңғы блокта тренингтарды Хасенова.А.А., Дуйсюбаева Д.А., Скворцова А.Ю., Полуносик И.Г. өткізді. Музыкалық нөмірлер ерекше позитивті әсер берді. Кәсіби шеберлік, жаңа танысулар, оң пікірлер, жаңа идеяларды іздеу, сұрақтар мен жауаптар – мұның бәрі ынтымақтастық атмосферасын және одан әрі табысқа мотивацияны тудырды.