Құқық бұзушылықтың  алдын алу — басты міндет. “Құқықбұзушылықты алдың алу” тақырыбы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында студенттер тарапынан ұсыныс білдіріліп, құзырлы орган өкілдерімен ашық диалог орнатты. Пікір алмасу форматында өткен жиынға қатысушыларға құқықтық тәрбиеге негізделген жадынамалар таратылды.