Колледждің 80 жылдық мерейтойы аясында, 2023 жылдың 19 қазанында “Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі” КМҚК-да 1В-8 және 2В-7 топтарының студенттері үшін “Бүгін біздің мерейтойымыз!” атты тәрбие сағаты өтті. Жауапты кураторлар – Л.Т. Серкебаева және Ж.А.Нұркенова.

Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушылардың жалпы ой-өрісін кеңейту; колледж тарихы туралы білімдерін тереңдету; дербес-танымдық іс әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Қатысушылар: 1В-8 және 2В-7 оқу топтарының студенттері, шақырылған қонақтар “Ветеринария” мамандығының түлектері – Қасқырбай Дархан (2020 жыл) және Жұмаш Елнұр Қалыбекұлы (2023 жыл). Құттықтау сөзімен колледж директоры Баймагамбетов М.С. сөйледі.

Студенттер назарына колледждің құрылу тарихы туралы бейнематериал ұсынылды…. Мәселен, Қостанай ауыл шаруашылығы техникумы Ұлы Отан соғысы жылдарында, 1943 жылы Қостанай қаласында бригадирлер, фермерлер мен малшылар колхозаралық мектебінің негізінде құрылды, ал 1946 жылы бірінші ветеринария бөлімі ашылды.Колледж тарихы туралы материал мазмұнды болды.

Колледж түлектері мен студенттердің кездесу барысында кәсіби диалог алаңы өтті, онда түлектер студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Әсіресе студенттерді еңбек қызметі мәселелері мен түлектердің студенттік кездегі есте қаларлық сәттер қызықтырды.

Кездесу соңында қатысушылар 1 және 2 курс студенттеріатынан колледжге тілектері жазылған бейнероликті тамашалады. Іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыс сөз айтылды.