Колледжде бітіру топтарын жұмыспен қамту мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті қызметінің өкілдерімен кездесу өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты-өз бетінше жауапты шешім қабылдау қағидатын қалыптастыру, студенттердің ақпараттық мәдениетін арттыру және одан әрі оқыту.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің аға лейтенанты, арнайы мақсаттағы бөлімше офицері Алдияр Ахметқалиұлы Әбдірахманов сержанттар мен сарбаздар лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды іріктеу, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде оқудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Студенттер “сұрақ-жауап” диалог алаңына белсенді қатысты, сұрақтар қойды, еңбек жолын әскери қызметпен байланыстырғысы келетіндер бар