Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі “техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым – 2022″облыстық байқауында жеңімпаз атанды!

Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов кеңейтілген алқа барысында бүгін колледж директоры Марат Серікұлы Баймағамбетовке байқаудағы жеңісі үшін 48 миллион теңгеге сертификат табыс етті. Бұл грант колледждің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталады.

Мұндай нәтиже колледж ұжымының бірқатар бағыттағы жұмысының қорытындысы болды: оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, кәсіби шеберлік конкурстарына, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және т. б.