Сағат 14.00-де кітапхананың оқу залында “Арнау-2022″студенттердің поэтикалық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Колледж әкімшілігі, әдеби қонақ бөлмесінің қатысушылары, студенттер мен оқытушылар шақырылды. Кітапхана меңгерушісі Құрманғалиева Күлбаршын Өмірзаққызы әдеби қонақ бөлмесінің әр қатысушысын, олардың шығармаларын таныстырды. Тілек білдірген авторлар өз шығармаларын оқыды. Колледж директоры Марат Серікұлы Баймағамбетов жаңадан бастап келе жатқан жас ақындарға алғысын білдіріп, ақындық салада шығармашылық табыс тіледі. Барлық авторлар мақтау қағаздарымен және “Арнау-2022″өлеңдер жинағымен марапатталды.
“Арнау-2022”

РУС



