2022 жылғы 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында  «Қостанай ауылшаруашылығы колледжінде» жаратылыстану-гуманитарлық пәндер апталығы өткізілді. Апта жоспарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс түрлі іс-шаралар, олимпиадалар мен семинарлар өткізілді. Бір апта бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жасыл Қазақстан»ұлттық жобасын іске асыру аясында пайдаланылған батареяларды жинау бойынша экологиялық акция өтті. Біз болашақ талапкерлер туралы да ұмытқан жоқпыз.  ЖГП ӘЦК  апталығы аясында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Қостанай ауданы мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған қашықтық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қостанай ауданының 14 мектебінің оқушылары қатысты. Сауалнама жүргізу барысында 82 қатысушының 43% біздің колледжде оқуға ниет білдіргенін атап өткім келеді.

3 наурызда әдістемелік бірлестік оқытушыларымен  « STEM-білім беруді оқу үдерісіне енгізу тәжірибесін трансляциялау» атты вебинар ұйымдастырылды.  Бірыңғай педагогикалық кеңістік: «Мектеп-Колледж-ЖОО».

Вебинар спикерлері: Левен А.А., педагог – модератор, Нұр-сұлтан Қ. Quantum STEM School мұғалімі; Пивоварова Р. Р., «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушысы; Нугуманова К.А., химия мұғалімі, «Озат ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ педагог-шебері; Ергалиева Э. М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының аға оқытушысы; Верещага О. С., химия оқытушысы, «Қостанай ауылшаруашылық колледжі» КМҚК педагог-сарапшысы.

Апта соңында ЖГП ӘЦК  оқытушыларымен колледждің педагогикалық ұжымы үшін «Оқыту мен оқытудағы жаңа тұрғылар»  семинар-практикумын ұйымдастырды және өткізді. Болашақ технологияда, ал технологияның болашағы жаңа форматтағы мұғалімдерде!