2022 жылдың 17 ақпанында 3В-1 тобында “Мал және өсімдік өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу” КМ 13 бойынша зертханалық-практикалық ашық сабағы өтті. Арнайы пәндер оқытушысы Нуркенова Ж .А. сабақты “Бақылау сатып алу” ойыны түрінде өткізді, оның мәні ұсынылған ет үлгілері бойынша берілген турлар мен ойын айдарларынан өту болды. Ойын қорытындысы бойынша дауыс беру, дегустация, ветеринарлық-санитарлық сараптама арқылы студенттер финалистті анықтап, оны бақылау мақсатында сатып алуға шығарды. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, ал білім алушылар ветеринарлық маманның кәсіби құзыреттерін игерді.
ашық сабағы

РУС