Ағымдағы жылдың 8 ақпанында ауыл шаруашылығы мамандықтары бөлімшесінде бейне-конференц байланыс режимінде ата-аналар мен студенттерге Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің оқыту форматын ұйымдастыру бөлігіндегі қаулысының негізгі ережелері түсіндірілді.

Ата-аналарға қаулының 5 тармағының 26 тармақшасының мазмұны оқылды, онда «қызыл аймақта» орналасқан өңірлердегі колледждерде сабақтар аралас форматта ұйымдастырылатыны туралы жазылған: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта.

Жиналысқа барлығы 60-қа жуық адам қатысты. Барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.