Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС Қостанай филиалы Тобыл қаласындағы Қостанай ауылшаруашылық колледжінің базасында «Қазақстан жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинармен Қостанай облысы ветеринария басқармасының «Қостанай аудандық ветеринариялық станциясы» КМК қызметкерлері және «Ветеринария» мамандығының колледж оқытушылары қамтылды. Барлығы 40 адам.

Іс-шараның спикерлері ветеринария ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры Муафик Мустафин, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС Қостанай филиалының басшысы Батыржан Мустафин, «ҚазҒЗВИ» ЖШС ғылыми қызметкерлері ветеринария ғылымдарының магистрі Виталий Ракецкий және Степан Хлюпко болды.

Семинар барысында сындарлы диалог арқылы мәселелер талқыланды:

– эпизоотияға қарсы халықаралық бюроның (ХЭБ) тізімі бойынша жануарлардың аса қауіпті және карантиндік ауруларының алдын алу және емдеу;

– ІҚМ өсімін молайту және буаздықты анықтаудың заманауи әдістері;

– Қазақстан жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру;

– мал шаруашылығы өнімдерін, ұшаларды, органикалық және сою қалдықтарын зарарсыздандырудың оңтайлы режимдерін әзірлеу;

– сойылғаннан кейінгі мал басының, мүшелерінің және сойылған мал ұшасының ветеринариялық-санитариялық сараптамасы.

Иттің мәйітін ашу көрсетілді: патологиялық-анатомиялық ашу нәтижелерін түсіндіру туралы айтылды, сынамаларды іріктеу және патологиялық материалды тасымалдау қағидалары түсіндірілді, ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеу көрсетілді, дезинфекция, дезинсекция және дератизацияның заманауи әдістері айтылды.

Жануардың мәйітін ашу нәтижелері бойынша хаттама рәсімделді.

Семинар соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттар мен естелік суретке түсу рәсімі өтті.