16 желтоқсанда Қазақстан халқы басты ұлттық мереке-Тәуелсіздік Күнін атап өтеді. 1991 жылы Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заңды қабылдап, біздің еліміз қалыптасудың тар жолдарынан өтті және аз уақыттың ішінде бүкіл Орталық Азия өңірінің көшбасшысы болды.
15 желтоқсанда Қостанай ауылшаруашылық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Концерттік бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі кезеңдері көрсетілді, Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдер, әндер шырқалды.
Мерекеге байланысты колледждің үздік қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

РУС