Бүкіл ел бойынша іске қосылған «Менің тереземдегі Ту» атты патриоттық акциясын 10 желтоқсанда Тобыл қаласында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі қолдады. Бүгін таңертең колледждің терезелері еліміздің гүлденуі мен әл-ауқатының символы – қазақстандық тулармен безендірілді.

«Менің тереземдегі Ту» атты акциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Жалауды терезеге ілу арқылы акция қатысушылары патриоттық сезімдерін білдірді.

Қостанай ауылшаруашылық колледжінде «Менің тереземдегі Ту» атты   өтті. Аталмыш акцияға барлық тілек білдірушілер қатыса алды. Акцияға қатысу үшін Қазақстанның Туын өз терезесіне немесе балконына орналастыру және фотосуреттерді әлеуметтік желілерде орналастыру қажет болды.