28 қазанда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу шеңберінде Қостанай ауданына Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі – «Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ басшысы, дінтанушы Мұстафина Толғанай Вагизқызы келді.
Сапар шеңберінде Толғанай Вагизқызы Тобыл қаласының жастарымен профилактикалық, түсіндіру іс-шараларын өткізді.
Аталған кездесулер өңір тұрғындарының дінтану сауаттылығын арттыруға, қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, діни экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталды.
Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.
Іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді.