23.09.2021 жылы Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің экология және еңбек фракциясының студенттері мен көшбасшылары “PROкачай эколайф”оқыту семинарына қатысты.
Қатысушылар контингенті 25 адамды құрады.
Аталған іс-шараның мақсаты жастардың назарын экологиялық проблемаларға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық білімді насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін және ойлау креативтілігін дамыту болып табылады.
Семинарды органикалық егіншілік және органикалық тыңайтқыштар өндірісі саласындағы маман Наурызбек Бірмағамбетов, ЭКО белсенді, кәсіпкер, “Neco”ЭКО клубының негізін қалаушы және жетекшісі, Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының лауреаты өткізді.
Наурызбек балаларды “нөлдік қалдықтар” тұжырымдамасымен таныстырды, үйдегі қалдықтарды қалай сұрыптау және сынапты дұрыс кәдеге жарату, органикалық және тамақ қалдықтарымен не істеу керек және қалада қандай экологиялық жобаларды ұйымдастыруға болатынын айтты.