Қостанай ауылшаруашылық колледжінде студенттік Парламенттің Президенті сайланды. Колледж Президенті Харина Дарья Николаевна болды. Дарья сүт өнімдерін өндіру мамандығы бойынша 2 курста оқиды.
Дарья Президенттік көпсайыспен (Полиатлон) айналысады, сондай-ақ Президенттік көпсайыстан Қостанай облысының құрама командасының құрамына кіреді. 2001 жылғы жасөспірімдер мен жастар арасындағы оқ атудан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында Диплом, Қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының дипломы, жазғы 4х – борьдан ҚР “Динамо” ФСО ҚБ МОФ ашық чемпионатында 3 орын үшін грамота. Қазақстан Республикасының 9 қысқы спартакиадасында 3 орын үшін Диплом. Кростық Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы кубогында 1 орын үшін Диплом, сондай-ақ қысқы көпсайыстан спорт шебері болып табыламын.
Дарья 1 курс бойы колледждің қоғамдық өмірімен белсенді айналысты.
Колледж ұжымы мен студенттері жеңіспен құттықтайды!
Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Барлық бастамаларыңызға сәттілік!