Колледждің бірінші курс студенттері білім алатын топтарда 2021 жылдың 24 мамырынан 04 маусымына дейін “топты біріктіру және команда құру”тақырыбында тренингтер өтті.

Аталған тренингтерді өткізудің мақсаты студенттер тобын біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды құру болып табылады. Бұл тренингтер жасөспірімдердің ішкі әлеуетін ашуға және олардың жеке өзгерістерін ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді; топ ішінде жақсы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастырады; қатысушылардың ортақ пікірге келу, келіссөздер жүргізу қабілеттерін дамытады.

Өткізілген тренингтердің арқасында жасөспірімдердің ұжым мен колледж өміріне қосылуы атап өтілді.