13.04.2021 Ж. “Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі” КМҚК құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы шеңберінде студенттермен “төзімділік және өзара құрмет туралы”тақырыбында әңгіме өткізілді. 1 А-2 және 1 П-2 топтарында Қостанай ауданының ББ қызметкерлерінің қатысуымен әңгімелер өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың курстастарына құрметпен қарауын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Студенттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Студенттер қызығушылықпен тыңдады және әңгімеге қатысты, сұрақтар қойды. Сұрақтардың бірі: “колледждегі ауызша дау-дамай, бұл құқық бұзушылық па?”бұған жауап ретінде 3 тармақ, пп берілді.4.24 Колледждің ішкі тәртіптемесінен. Үзілді-кесілді тыйым салынады: “сабақ өткізу кезінде ғимараттардың дәліздерінде және колледж аумағында нормативтік емес лексиканы пайдалануға, дауыстап сөйлеуге.»
Топтарда оқуға деген оң көзқарас, іс-шараларға қатысуға деген ықылас және жастар ісі жөніндегі Комитетте бастамаларды қолдану байқалады.