1 наурыз күні Қостанай ауылшаруашылық колледжінде өскелең ұрпақты толеранттылыққа, бір-біріне достық пен сыйластыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және білім алушылардың өзіндік жұмысын жандандыру мақсатында “Мен ризамын …” бейне-акциясы өтті. Бейне арқылы 1-4 курс студенттері ата-аналарына, туыстарына, достарына, ұстаздарына, Президентке, мемлекетке, туған жеріне алғыс білдірді.